Талғайран негізгі мектебі
Достық пен бірліктің мекені –
Қазақстан
/Мерекелік фестиваль/
Дайындағандар: А.Калиева
Т.Егізбаева
2016 – 2017 оқу жылы
Достық пен бірліктің мекені – Қазақстан
Мақсаты:
Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,
сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
І – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
ІІ – жүргізуші: « Достық пен бірліктің мекені – Қазақстан» атты мерекелік шараға қош келіпсіздер!
І-жүргізуші:
1 – мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше,саяси маңызды зор құрылым. Бүгінгі күні Қазақстан халықтарының ассамблеясы еліміздің бірегей ұстанымы болып отыр. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіруге негіз болған Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Үлгісі бүкіл әлемге бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жаршысы ретінде танылуда..
ІІ – жүргізуші:
Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт,әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі бар ел озады»- дейді қазақ мақалы.
1 – мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директоры Әліпқали Үмбетұлына береміз.
І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
ІІ – жүргізуші:
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани – мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ән : «Туған ел» орындайтын 4-сынып оқушысы Сүлимен Досан
І – жүргізуші:
Ежелден халықтар бостандық қалайды,
Ертеңгі күніне үмітпен қарайды.
Сондықтан әлемді аралап,
Тыныштық ұраны тарайды.
ІІ – жүргізуші:
Тыныштық тулары биікке самғасын,
Тыныштық ұраны қиырды шарласын.
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
І – жүргізуші:
Бұл мереке бұрын «Еңбекшілер күні»болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр – дей келе кезекті Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің өнерлерімен таныстыру үшін әрбір сыныптарға берелік.
ІІ-жүргізуші:
Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ-дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын – деп қазақ ұлтының өкілдері 5-сынып оқушыларына береміз
І-жүргізуші:
Қазақ жері-қонақжай төрдің жері.
Қазақ елі-қас сақтай ердің елі
Толқынды тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді – дей келе келесі кезекте өзбек ұлтын таныстыру үшін 6-сынып оқушыларына береміз.
ІІ-жүргізуші:
Кіндік емес,
Бұл ынтымақ-ғұмырлық.
Көтереміз ауырымен жүгін нық
Ұлы достық қасиетін ұғындық
Отан үшін жұдырықтай жұмылдық – келесі кезекте үнді ұлтының өкілдерін таныстыру үшін 7-сыныпқа береміз.
І-жүргізуші:
Төрлете бер көктем келбет,ұлы күн.
Бойға дарыт ынтымақтың жылуын
Достық деген ұялаған жүрекке
Қасиетті-ау,қасиетті бұл ұғым .
Келесі кезекте ұзақ жылдар қазақ халқымен дос болып келген орыс халқының өкілдеріне 8 «ә» сынып оқушыларына береміз.
ІІ-жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.- түрік халқының өнерімен таныстыру үшін кезекті 8 «а» сынып оқушыларына береміз.
І-жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы! – кезекті грузин халқының ұлт өкілдері
9-сынып оқушыларына береміз.
ІІ-жүргізуші:
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берге «Қырғыз, Қазақ бір туған», «Өзбек-өз ағам», «Түбі бірге түркімен» деп қырғыз, өзбек, түркімен және т.б ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
І-жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей келе « Достық пен бірліктің мекені – Қазақстан» атты мерекелік шарамызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.