01 Қаз 2020
Материал Талгайран

Шежіресі сырға тұнған мектебім

Шежіресі сырға тұнған мектебім

І-жүргізуші:

               Армысыздар,  бүгінгі  мереке  қонақтары, ардагер  ұстаздар!

Еліміздің  тәуелсіздігінің  25  жылдығымен  тұспа- тұс  келіп  отырған  алтын   ұя  мектебіміздің  120  жылдық  мерейтойына арналған

Шежіресі сырға  тұнған мектебім” атты салтанатты  жиынымызға қош  келдіңіздер!

 ІІ-жүргізуші:

120  жыл  толды биыл қаланғалы  мектебім,

Туған  жер мен елдің  сақтап  бойға  жинап  өткенін.

Тойымызға  қош  келдіңіз, біз  айтамыз  қонақтар,

Мектебімнің   тойлап  жатқан  мерей  жасқа  жеткенін.

Қош  келдіңіз! Ардагерлер, зиялысы  елімнің,

Куәсі де сіздерсіздер  тарихы  мол  жерімнің.

Тәрбиелеп талай дарын,өнер  сүйген  ұл мен қыз,

Ұстазы  да сіздерсіздер  ер  қорғаған  елімнің.

Алғашқы сөз   «Талғайран  негізгі  мектебіне -120 жыл» тақырыбында  баяндама  оқу  үшін  мектеп  басшысы  Әліпқали  Үмбетұлына беріледі.

І-жүргізуші:

Талғайран  негізгі  мектебінде  жүздеген  шәкірт  тәрбиелеп, білім  беру   жолында  аянбай  тер  төккен, бүгінгі  күні  жарқын бейнелерін  сағынышпен еске  алғалы  отырған аяулы  ұстаздарымыз  мәңгі  жүрегімізде  сақталады.Осы  сәт  оларды  ортамызда  отыр деп  есептеп, орнымыздан  тұрып  дүниеден  өтіп кеткен   ұлағатты  ұстаздарымызды  бір сәт еске  алайық.

ІІ -жүргізуші:

Сөз кезегі  қалалық білім  бөлімінің басшысының міндетін атқарушы

Алмабек  Дүйсенбайұлына  беріледі.

Қалалық кәсіподақ  ұйымының  төрағасы: Бақытжан Ғимранұлы

Қалалық  білім  бөлімінің  әдіскері: Жұмазия Бозайқызына

І-жүргізуші:

Ауылымның   көркі  қазір  танымастай өзгерді,

Бұрын  түске кірмейтінді, енді міне, көз көрді.

Әр кез  елдің игілігін, қамын  ойлап  жүретін,

Жиі  естиміз әкімге  айтар  ризалық   сөздерді.

 Сөз  Қайыршақты  селолық округінің әкімі   Шапхат  Қарашұлына  беріледі.

ІІ- жүргізуші:

Ұстаз!

Осы сөзде  жатыр   қанша  ұлылық,

Осы  сөзде  таусылмайтын   жылылық.

Әл-Фараби,Ыбырай мен Ахаңды,

Осы  сөз ғой қойған  бізге  ұлы ғып.

Ұстаз – шебер   қисықтарды  жөндейтін,

Тентектерді  ақылменен  емдейтін,

Қарапайым  өмір  сүріп  қоғамда,

Шәкірттерім  – бар байлығым сол дейтін.

Талай шәкіртке  талмайтын талап, самғайтын  қанат  берген  ардагер  ұстаздарға  сөз  кезегін береміз.

І-жүргізуші:

Бар саналы  ғұмырын  ел  ісіне   арнаған,

Мектеп  үшін әрқашан  жауапты  істен қалмаған.

Әр адамның  қабілетін  байқап  іске  нұсқайтын,

Ортасында  жүрер  олар   қызу  істің   қайнаған.

Халықпен   біте  қайнасып, қоғамдағы  барлық  жауапты  істерге  ұйтқы  болып  жүретін мектеп  басшыларынан осы мектеп түлегі  Бесікті мектеп-интернатының  басшысы Болат  Бисенбайұлына , осы мектепте  ұстаздық қызмет еткен Қайырғали Смағұлов атындағы орта  мектептің басшысы Тілектес Әндіржанқызына    сөз  кезегін  береміз.

ІІ- жүргізуші:

    Мектеп қызметкерлерін  марапаттау үшін сөз мектеп  директоры

                      Әліпқали Үмбетұлына  беріледі

              Естелік  сыйлықтар  тапсыру.

                              ІІ бөлім  мерекелік  концерт

І-жүргізуші:

Күй  әлемі-  бұл  өзгеше – киелі  әлем,

Кез келген  жан  айта  алмас  иемденем.

Қазақтың  қаны, жаны бар  бойында

Әр адам  күйге  басын  ием  деген.

  1. Қайыршақты  саз  мектебі  оркестрінің  орындауында  Ахмет  Жұбановтың  шығармасы   «Қазақ маршы»

ІІ-жүргізуші:

  1. Бауыржан Кубенгалиев «Мерекелік  увертюра»
  1. Құрманғазының күйі  «Адай»

І-жүргізуші:

Қос қанаты  секілді  ақын  сазгер,

Өнердің  биігіне  құлаш  сермер.

Ақын  ата сөзі мен әні  егіз

Құлақ  құрышын  қандырып, жүрек  тербер.

Ақын ата  жырына  саз  арнаған

Құдіретті  күйден де құр   қалмаған.

Елінің  мәртебесін  асқақтатып,

Сезімді күй шанаққа бір жалғаған.

  1. Жергілікті ақын Сәлімгерей Шобақовтың сөзіне  жазылған, әні   Нұрпейіс Молдақұловтың  «Ғасырмен  үндес мектебім»  әнін  орындайтын Алтынбек Аяпов

ІІ- жүргізуші:

Ширек  ғасыр  Тәуелсіз ел атанған,

Құтты  болсын ,  мерей  тойы халқымның.

Қуаныштың  белгісі  боп  аталған,

Шашу  шашу  бір  үлгісі  салтымның.

  Халықаралық «Күншуақ» конкурсының  гран-при  жүлдегерлері Қайыршақты саз мектебінің  «Сәукеле» би  тобының  орындауында «Шашу» биін  қабыл  алыңыздар.

І-жүргізуші:

   Мектебіміздің мақтанышы  2015 жылғы «Ақ сұңқар» Халықаралық  балалар  мен  жас өспірімдер  фестиваль-конкурсының гран-при  жүлдегері,ІІ  Республикалық  «Жадыра,Жас дарын» фестиваль-конкурсының І-орын иегері, «Зимняя  сказка в Алматы-2016» Республикалық фестиваль-конкурсының жүлделі  1-орын иегері  Жарош  Мәдидің  орындауында  Ғарифолла  Құрманғалиевтің «Сәлем»  әнін  қабыл  алыңыздар.

ІІ- жүргізуші:

Бостандығым! Тосқан күнім аз  алдан,

25  жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.

25 жыл, 25 жыл  азаттық,

Өзімізді  құрсаудан  да  босаттық.

Ақтадық  біз  ата-баба  үмітін,

Қолда  қазір көк  ту менен  бостандық.

           Х  қалалық  «Бала бұлбұл-2016» жеке  эстрадалық  ән  орындау-

шылар   сайысының  жүлдегері  мектебіміздің  4-сынып  оқушысы

      Сүлеймен  Досанның   орындауында   «Қазақ  елі»   әні

       Келесі  тыңдайтындарыңыз  «Біздің  елде  туған  ұлдар»

І-жүргізуші:

Сәукеле би  тобының  орындауында    «Көңілді би»

ІІ-жүргізуші:

 Халықаралық «Ақ көгершін»  фестивалінің бас  жүлде  иегері Айым Жақсылықованың  орындауында  Сейдолла Бәйтерековтың әні

                                «Күнге  табыну»

І-жүргізуші:

Тараған  бір  өзіңнен  талай  қауым,

Тамызған  топырағыңа  кіндік  қанын.

Сенде  өстім,  бір  өзіңді  сүйіп өтем,

Әнім сен, жырым да  сен,  Талқайраным!

 Жергілікті  ақын Сәлімгерей Шобақовтың  сөзіне  жазылған, әні   Нұрпейіс Молдақұловтың  «Ауылым- алтын бесігім»  әнін  мектебіміздің    ұстаздарының    орындауында  қабыл  алыңыздар.

ІІ – жүргізуші:

Ғасырдан асып, ғасырға талай жалғасқан,

Мектептің мынау төріне қарай жайғасқан.

Жиналып бүгін ортаға салып көргенін,

Ардагер ұстаз өзара пікір алмасқан.

І- жүргізуші:

Ғанибет қандай! Жастарға берген өнеге,

Мектеп тұр бүгін куә боп талай көнеге.

Естіген әрбір сөздер тұр ой сап көңілге,

Іздері қапты–ау ұстаздар салған өмірге.

ІІ- жүргізуші:

Алғысы көп қой ұрпақтың айтар сіздерге,

Алғысы көп қой тарихта қалған кездерге.

Бүгінгі біздің бас қосқан осы жиыннан,

Ауырын сездік артылар жүктің біздерге!

І- жүргізуші:

120  жыл  тарихы бар тереңде,

Білім берген  сан  алуан  өренге.

Мақтан  тұтам  Талғайрандай  мектепте,

Ұқсайтұғын саялы бақ  еменге.

ІІ-жүргізуші:

Мектебімнің  орны  үнемі  төр екен,

Құтты  болсын , 120 жылдық  мерекең.

Шәкірт  болып, тәрбиелі  , білімді

Арта  берсін  табыс, бірлік  берекең

І-жүргізуші:

  Осымен,   Еліміздің Тәуелсіздік  алғанына ширек ғасыр толғалы отырғанда  тойланып отырған  Талғайран негізгі мектебінің 120 жылдық мерей тойына арналған «Шежіресі  сырға  тұнған мектебім» атты  мерекелік  жиынымыз өз мәресіне жетті.Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  көп тахмет!