30 Қырқ 2020
Жаңалықтар

«Қарттарға қамқор боламыз»

Ер балалар сыртқы жұмысқа көмектесіп,ата мен әженің  алғысын алып қайтты. Қыз балалар үйдің ішкі жұмысына көмектесіп қол ұшын берді .«ЖасҰландықтар» ауылымыздың  қарттары  Тұрнияз атай  мен Әдеп әженің үйіне барып  көмек беріп қайттық.

Талғайран негізгі мектебінде қазан айында «Қарттарға қамқор боламыз» ұранымен «ЖасҰлан»ББЖҰ жанынан құрылған  « Жас қолғанатшылар» тобы акция ұйымдастырды. Акцияны ұйымдастырудағы мақсат  жалғызбасты, қамқоршысы жоқ қарттардың үйіне тазалық акцияларын ұйымдастыру болатын. Біз де осы мақсатта ауылымыздың қарттары Тұрнияз атай мен Әдеп әжейдің үйіне барып, қол ұшын беріп қайттық. Ұл балалар үйдің сыртқы жұмысына шарбақтың айналасын, мал-қора жақты тазалап көмектессе, қыз балалар  үйдің ішкі жұмысын, сонымен қатар үйдің сыртын ақтап әжей мен атайдың батасы мен алғысын алып қайттық. Осы акцияны ұйымдастыруға көмектесіп, атсалысқан оқушыларға алғысымыз  шексіз.Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!